Ділназ Ахмадиева жұрттың көзінше жаңа сүйіктісіне алғысын жаудырды
Өзіне ауыр тиген ажырасудан кейін әнші Ділназ Ахмадиева қайтадан ғашық болып қалғанын жасырмады. Ағылшын тілінде Strength in my soul жарық көрген жинағын таныстыру кезінде әнші ғашығына өз сезімін білдірді.

Ділназды құттықтап келгендердің қарасы көп болды. Сондай-ақ, олардың дені танымал әншілер: Нағима Есқалиева, Мақпал Исабекова, Лидо, Әсел Сәдуақасова, Әли Оқапов, Әлішер Каримов, Аша Матай, Айгүл Бабаева, «Ринго» тобы тағы көптеген танымал әншілер. Кеш қызыған сәтте Ахмадиева қонақтар арасында жүрген сүйіктісіне сезімін ашық білдірді. Ділназ оның барына және өзін қайтадан бақытты сезінуіне әсер еткеніне алғысын жаудырды.

Дегенмен әнші сүйіктісін қолмен көрсетіп, есімін атаған жоқ.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан