Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділназ Ахмадиева отбасылы еркекті сүйіп қалғанын ашып айтты

Ділназ Ахмадиева қазіргі сүйіктісінің отбасы бар екенін ашып айтты. Ол мұның уақытша сезім екенін де жасырмады.

14727503_146556945807081_507440782475526144_n

Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva

Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.

Ділназ Ахмадиева отандық бағдарламалардың бірінде үйленген еркекпен жүріп жүргенін ашып айтты. Бұл азаматтың балалары көп болғандықтан, әнші оның заңды жұбайымен ажырасқанын қаламайды екен.

“Мұны жауапсыз махаббат деп айта алмаймын. Бірақ біз бірге бола алмаймыз. Сол себепті мұның аса маңызы жоқ. Басы бос еркекке тұрмысқа шыққым келеді. Өзіме тиесілі адаммен ғана отбасын құрғым келеді. Балаларымыз бен отбасылық демалыстардың болғанын қалаймын. Ал әзірге менің үйленген еркекке белгілі бір сезімім бар. Бұл сезім уақыт өте келе өтіп кетеді. Адамдар бір-біріне сай келмесе, махаббат сезімі ақырында өтіп кетеді”, – дейді ол.

– Ал егер ер азамат отбасынан ажырасып, саған ұсыныс жасаса ше?

– Отбасында балалары көп болғандықтан, оның ажырасқанын қаламаймын. Мұны жасаудың қажеті жоқ. Ол жақта балалар бар. Өзімнің басымнан өткендіктен, “арамызда артық ешнәрсе болмайды” деп бірден айттым. Алайда бірге отырып бір шыныаяқ кофе ішуімізге болады. Әдетте кофені өте сирек және таңертең ғана ішемін.

– Кофені таңертең әрі сүтпен ішкің келсе, ол сенімен түнді бірге өткізуге мәжбүр болады…

– Ол таңертең келіп бірге кофе ішуіне болады. Осының өзі жеткілікті. Ешқандай қиындық жоқ. Түнді бірге өткізу аса маңызды емес. Мен оның әйелі емеспін. Оның өзінің жұбайы бар.


Жіберіп алмаңыз:

Ділназ Ахмадиева кезекті туындысын барлық бақытты әйелге арнады

Танымал кәріс әншісі қазақ тілінде Ninety One тобының әнін шырқады (видео)

Арман мен Аша қыздары Асылымды қырқынан шығарды (фото, видео)

40 жасқа толған Ақбота Керімбекова үшінші рет тұрмысқа шықпақ

Талқылау