Ділназ Ахмадиева «Қашан сәби сүйесің?» дегендерге жауап берді

Бейсенбі, 10 Қараша , 2016 9:47

Танымал қазақстандық әнші Ділназ Ахмадиева оның жеке өміріне қатысты сұрақтар қоятын желідегі оқырмандарынан шаршаған сыңайлы. Әнші «Күйеуің қайда? Қашан дүниеге бала алып келесің?» деген сауалдың жиі қойылатынын айтып ашынды. Ахмадиева жеке өміріне шамадан тыс қызығушылық танытқан жандарға өз жауабын берді.

ахмадиева бала туралы

Әнші ашықтан ашық оның жеке өмірі мен проблемаларына қатысты сұрақ қоюдан қымсынбайтын жандарды мәдениетсіз адам санатына жатқызды. Әдетте Ахмадиева ондайларға жауап қайтарып, бас қатырмайтын. Бұл жолы әнші желі оқырмандарының шектен шығып бара жатқанына шыдамаса керек-ті.

«Сіздер менің балаларға қатысты қандай қиыншылықтарға тап болғанымды қайдан білесіздер? «Тезірек бала ту» дегендеріңізді қалай түсінемін? Иә, әзірге дүниеге сәби әкеліп үлгермедім. Мүмкін оған денсаулығым мүмкіндік бермейтін шығар, оны сіздер білмейсіздер ғой. Мен өзім қалаған кезде, егер Жаратқан маған сәби сыйлауды нәсіп етсе, ол күн міндетті түрде келеді. Уақыты келгенде ол туралы бәріңізге айтып беремін. Ал әзірге, менің құрсағымды жайына қалдырыңыздар!» – деді ашынған әнші НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында.

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Беспаев қырыққа толған жігіттердің әнін шырқады (видео)

Ерке Есмахан жігіттің кесірінен ұйықтаудан қалғанын мойындады

Мейрамбек пен Тоқтардың даусын айнытпай салған жігіт желіні шулатты (видео)

Серік Ибрагимов: Үйленгенін жасыратын әншілерді түсінбеймін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар