Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Диетасыз арықтаудың әдісі табылды
Аустралиялық диетолог Джессика Сепель кең танымалдыққа ие құнарлы тағамдардың баламасын ұсынды.
Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Біріншінден, Сепель пиццаның нанын гүлді қырыққабатпен алмастыруға кеңес берді. Екіншіден, құнарлы ұн пастасының орнына цукиниді жіңішкелеп турауды және бұршақ, киноа, қызыл үрмебұршақ, күріштен жасалған макарон сатып алуды ұсынды.
Сепельдің сөзінше, какао қосылған бадам сүті ыстық шоколадтың баламасы бола алады және «ұйқыға жатар алдында мінсіз сусын» болып табылады.
Сонымен қатар диетолог балмұздақтың рецептін ұсынды. Оны дайындау үшін, мұздатылған банан, бадам сүті, аздаған теңіз тұзы, даршын мен үйеңкі шәрбатын блендердің көмегімен араластыру керек.
Сондай-ақ, Сепель арықтау кезінде қытыралқ картопты дүкеннен сатып алғаннан гөрі, үйде әзірлеген дұрыс екенін айтты.
Талқылау

Дженнифер Лопестен Real Madrid-ке дейін: Әлемдік жұлдыздардың келуі Қазақстанға қандай пайда әкелді
Желі қолданушысы: "Тез келіп үлгеріп қалыңдар. Кейін менсінбей кетуіміз мүмкін”

Қазақстандағы ең арзан қоғамдық көлік Ақтау мен Шымкент қалаларында болып шықты: Тұрғындар жолға қанша төлейді?
Талдықорғанда оқушылар мен студенттерге, сонымен қатар зейнеткерлерге жолақы тегін