Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дидар Амантай Ләйлә Сұлтанқызы туралы: Екі кітап жазғанын білеміз, бірақ бір кітап оқыды ма?

Жазушы әрі ақын Дидар Амантай Ләйлә Сұлтанқызының кітабына қатысты пікір білдірді.

14596622_240237916396633_8634651120016293888_n

Фото: instagram.com/didaramantay/instagram.com/sultankyzy/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ағымдағы жылы маусымның 18-і күні Алматы қаласында танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының кітабының тұсауы кесілді. “Менің екінші кітабым” атты туындыны алматылықтар ұзақ күтті. Себебі, ол туралы тележүргізуші өзінің әлеуметтік парақшасында жиі жазып жүрді. Арасында үзінділер де келтіріп отырды.

Мұнымен қатар, Ләйлә ханым әр қаладағы тұсаукесер рәсімдеріне Жанар Дұғалова, Тәуекел Мүслім, Дина Төлепберген сынды жұлдыздарды шақырып отырды. Осылайша аталған кітап аз уақыт ішінде халық арасында тез тарады. Ақын әрі жазушы Дидар Амантай кітаптың тез таралуына қатысты ойын бөлісті.

лай

“Біз “Тәңірдің кітабы”, “Борхестің кітабы” деп жүргенде, Ләйлә Сұлтанқызы “Менің екінші кітабым” деген өз кітабын жазып та тастады, жазбақ түгілі жарыққа шығарып та тастады. Оқырмандары – “мен сені телевизордан көргенмін” деген қалың аудитория.
Телевизордан көрмегенде, кітап өтпейтін еді… Екі кітап жазғанын білеміз, бірақ бір кітап оқыды ма екен?” – дейді Дидар Амантай.

Желі қолданушылары да өз кезектерінде жоғарыдағы пікірді қоштай түсті. “Қазір кітап жазу түкке тұрмайтын іспен тең. Кім көрінген кітап авторы болып жатыр. Өздерін сондай бір классик санайтындарына қарап қарның ашады. Көркем әдебиеттің де құнын осылай қашырып жатқандары өкінішті”, “Осыны кім айтар екен деп жүр едім”, “Дұрыс айтасыз”, “Өте орынды сын”, “Бірақ таңқалудың да қажеті жоқ. Қазір бәрі әнші, әртіс, жазушы, ақын, журналист” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Бесбаевтың қызы мектепте «МузАрттың» әйгілі әнін орындады (видео)

Үнді әніне пародия жасаған Мейрамбек Бесбаев тыңдармандарын күлкіге қарық қылды (видео)

Әнуар Нұрпейісов Қазақстан аруларын жасанды кірпік пен бес тонна бояудан бас тартуға шақырды (видео)

Кәмшат Жолдыбаева: Жеңіл ақша табу үшін өзін-өзі сататын әншілердің қатарына кірмеймін

Талқылау