Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диана Шарапова мектеп түлектерінің әнұранын жазды (видео)

Әнші Диана Шарапова жас талант Диана Қуанышпен “Арман жолдарым” атты ән жазған. Шарапова бұл туынды мектеп бітірушілердің әнұраны болуға әбден лайық деп ойлайды.

81983868a645b69fb8d06b2574dd07e0

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

“Біздің түлектер бала кезінде нені армандағанын ұмытпау керек. Серік Сәпиевтен, Геннадий Головкиннен, Илья Ильин, Ольга Шишигинадан үлгі алу керек. Маңдай терін шелектеп төгіп жаттығып олимп шыңына жетті. Олар сол жетістікке бала кездегі армандарына сенгеннен жетіп отыр”, – дейді әнші.

Осы кезде әңгімеге жас әнші Диана Қуаныш та араласты.

“Менің құрдастарымның көбісі әлі өздерінің кім болатынын білмейді. Сол себепті мен оларға “Арман жолдарым” деген әнді тыңдауға кеңес беремін”, – дейді ол.

Қос Диана осы әндерін кеңінен таратуды мақсат етіп отыр. Олар тіпті Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ қалалық әкімдіктерге де шығып, “Арман жолдарымның” мектеп бітіру кештерінде біркелкі шырқалуы туралы ұсыныс жасамақ.

Талқылау