Диана Шарапова алғаш рет Ресейдегі қызыл кілемнен жүріп өтті
Қазастандық әнші Диана Шарапова “Russian Music Box” телеарнасының премиясына сәнгер Сергей Зверевпен бірге барды.
-Қайырла таң! Кеше өткен “Russian Music Box” телеарнасының премиясына мен “Голос” шоуының жүлдегері, әнші Диана Шараповамен бірге бардым. Бәрі тамаша болды, рахмет сіздерге, – деп жазған сәнгер өзінің Instagram парақшасына.
Қазақстандық әншінің бұл Мәскеу жұртшылығының алдына бірінші рет шығуы екенін айтқан. Сондықтан қобалжығанын да жасырған да жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін әнші Диана Шарапова мен сәнгер Сергей Зверев екі тілде “Жаңа жылдық бал” атты бейнебаян түсірген еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
