Депутаттар Ақтөбедегі жағдай туралы айтудың орнына бір-бірін туған күндерімен құттықтады

Сәрсенбі, 8 Маусым , 2016 21:51

Мәжіліс депутаттары Ақтөбедегі жағдайды естімеген немесе естісе де, трагедиялық оқиғаларды еш сезінбеген сияқты. Өйткені, олар пленарлық отырысты туған күн иелерін құттықтаудан бастады.

пар

Сурет mgorod.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Теракт мәселесі күн тәртібінде айтылған жоқ, бір минут үнсіздік болмады. Дегенмен, астаналық әріптесіміз Бақытнұр Әлібай Парламент дәліздерінде депутаттардан Ақтөбе оқиғасы туралы сұрап үлгерді.

“Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын. Құрметті әріптестер! 6 маусымда депутат Қарекен Құралай Әнуарқызының туған күні болды!” – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Дүйсенбіде үкімет сағатында жиналып, Ақтөбедегі жағдай туралы тіс жармай, 1 минут үнсіздікті қимаған депутаттар бүгінгі отырыста да ештеңе айтпады. Бәрі үнсіз. Туған күндерімен құттықтап, мәре-сәре болған соң күн тәртібі бойынша жұмыстарын бастап кетті. 2015 жылғы бюджеттің атқарылуы мәселесі қаралып біткен соң үкімет өкілдері мен депутаттардың пікірін дәлізде ғана білу мүмкін болды.

“Осы оқиғаға байланысты азаматтарды, қанішерлер ғой былай алып келген кезде, солардың бәрін қазір тығылып жатқан жерлерінен тауып, жою мәселесі жүріп жатыр”, – деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

“Жалпы мұндай жерде мемлекет тарапынан мұндай тентек, қанқұйлы, терроршыларға қатты жаза керек деп ойлаймын”, деп пікір білдірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан.

Дін атын жамылғандардың қаскөйлігін сынаған Бекболат Тілеуханнан бүгінгі отырыста Ақтөбедегі жағдайдың елеусіз қалғанын, Ақтөбе жайлы бір ауыз сөз айтудың орнына, туған күнмен құттықтаумен басталғанын айттық.

“Енді қоғам бұған тиісті реакция беріп жатқанын көріп отырсыздар ғой, жігіттер”, – деп қысқа қайырды Бекболат Тілеухан.

Ал депутат Мәулен Әшімбаев барлық әріптестері жекелей көңіл айтып жатыр деп ақталды. Содан соң, 2011 жылы елді дүрліктірген облыста лаңкестіктің қайталануы жаңа шаралар қабылдауға итермелейді деді. Өйткені, Таяу шығыста қысым көрген экстремистер жан-жаққа бас сауғалап жатыр екен.

“Жақын шығыстан контртеррористік операцияның негізінде біраз террористік топтардың өкілдері жақын шығыстағы елдерден кетіп, басқа мемлекеттерге өздерінің қылмыстық әрекеттерін ауыстыру туралы әрекеттер жасайтын сияқты. Осыған байланысты біз осы саладағы заңдарды тағы да бір сараптаймыз деген жоспарымыз бар”, – деді депутат Мәулен Әшімбаев.

Депутат айтқан заң 2011 жылғы бірнеше терактіден соң қолға алынған еді. Сол кездегі өзгертулер негізінде діни бірлестіктерді реттеу жүзеге асырылған болатын. Сондай-ақ, күштік құрылымдардың лаңкестікпен күресу құзыреті де кеңейтілген-ді. Алайда теолог Досай Кенжетай ең алдымен идеологиялық тұрғыдан алдын алып, жат ағымдарға шектеу қою керек дейді.

“Сәлафизм, вахабизм, кез келген измнің түбіне балта шабу керек құқықтық тұрғыдан. Бірінші мына жерде жүре алмайтындығын егер санасына сіңсе олардың, тыйым салынған болса, психологиялық тұрғыдан аптығы басылады. Оның аптығының басылғанының өзі жетіп жатыр. Қалғанын өзі реттеп алады қазақ”, – дейді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының профессоры Досай Кенжетай.

Ғалым мұндай батыл қадамдарға бармасақ, Ақтөбедегі жағдай жалғасын табуы мүмкін деп пайымдайды. Және сырттағы лаңкестік ұйымдардың әсері аз деп есептейді. Өйткені, осыдан 10-15 жыл бұрын Қазақстанға енген жат ағымдар, қазір өзіндік тұжырымдамасы бар күшке айналып үлгерді деп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Лаңкестердің қолынан қаза тапқан Берікжан Қалиев жер қойнына тапсырылды (фото)

Ақтөбеліктер лаңкестердің қолынан қаза тапқандарды ақтық сапарға шығарып салды

Назарбаев: Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет

Елбасы 9 маусымды ұлттық аза тұту күні деп жариялады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Үміт Зарубековна says:

    Сонда бүкіл депутаттардың біреуінің елдегі жағдай туралы тоқталу бастарына келмегені ғой, топастар.” Мысыққа ойын керек ,тышқанға өлім керек”,- деген осы да.

  • Жұмбақ жан says:

    Олар парламент деген мемлекетте турады

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
16.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар