Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат министрге: Беделіңіздің түскені соншалық, өмір бойы қалпына келтіре алмайсыз

ҚР мәжілісінің жалпы отырысында мәжіліс депутаты Владислав Косарев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанұлын сынға алды, деп хабарлайды stan.kz ақпараттық агенттігі. 

Фото: Total.kz

Владислав Косарев бұл тұста есірткіге тәуелділер емделіп жатқан оңалту орталығының қызметкерлерінің былтырдан бері жалақы алмай отырғанын алға тартты.

“Ақмола облысынағы оңалту орталығына өзім арнайы бардым. 70 адам емделіп жатқан орында 40 адам жұмыс істеп жүр. Желтоқсан айынан бері жалақы алмапты. Бәрін қарызға алып күн көріп отыр. Бұны қолға алғым келді, бірақ ешнәрсе істей алмадым”, – деді депутат.

Косарев бұл мәселеде министр ғана емес, өзгелердің де кінәсі бар болуы мүмкін екенін айтты.

“Министрдің қоластындағы қызметкерлері алдында беделі түсті. Тіпті қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Өйткені, бұл өте үлкен қателік. Жалғыз ғана кінәлі адамсыз деп ойламаймын, Елжан Амантайұлы, сізді мүмкін қолданғандар бар шығар”, – деді Владислав Косарев.

Депутаттың айтуынша, Оңалту орталығы жұмысшыларының алдындағы 65 миллион теңге қарыз бар.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда көз жұмған оқушы өлерінен бір күн бұрын ермексаздан ажал белгісін жасаған

Алматы облысының екі тұрғыны құлағы мен мұрнына ота жасатамыз деп дәрігерлерден опық жеп отыр

Діни басқарма жасанды ұрықтандыруға қатысты пәтуа шығарды

Талқылау