Депутат болмай қалған Жанар Дұғалова Америкаға аттанды

Дүйсенбі, 28 Наурыз , 2016 11:40

Депутаттық мандатты иелене алмаған әнші Жанар Дұғалова дәл қазір Америкада жүр.

65

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жақын күндердің бірінде “Нұр Отан” партиясының атынан парламент мәжілісінің депутаттығына үміткер атанған эстрада жұлдыздарының бірі Жанар Дұғалованың депутаттық мандатын иелене алмай қалғаны туралы хабарлағанбыз. Бұл хабардан кейін әнші Америкаға аттанып, дәл қазір аталған елдің Нью-Йорк қаласында саяхаттап жүр.

1

Мөлдір Әуелбекова “Жансырым” бағдарламасында Жанар Дұғалованың “КешYOU” тобынан түсініспеушіліктің әсерінен аяқ астынан кеткені туралы айтқан-ды. Мұнымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары депутат бола алмай қалған Жанар Дұғалова мен Қайрат Нұртасты әжуалаған болатын. Алайда әншінің алып елге аттануына не себеп болғаны белгісіз. Мүмкін саяхаттауды жөн көрген болар.

4

2

Естеріңізге сала кетсек, Жанар Дұғалованың сәнді киім жарнамасына түскені туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Бақыт says:

    Не десе де Жанар мен Қайрат өз мамандығының шебері ғой. Сайлаудан өтпей қалса да өнерлері олардың атын өшірмейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар