Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Асылхан Төлепов Алматыдағы мектептің жаңаруына үлес қосты

Алматыдағы Наурызбай ауданында №157 мектеп қайта жөндеуден өткен. Оған танымал актер әрі Алматы қаласы мәслихатының депутаты Асылхан Төлепов септігін тигізген ұқсайды.

Screenshot_3

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұл ақпаратты бірінші болып танымал әнші Төреғали Төреәлі жеткізді.

«Кеше Алматы қаласы Наурызбай ауданында #157 мектеп ашылды. Осы білім ордасының қайта жаңаруына өз үлесін қосқан Асылxан бауырыма алғыс айтамын!» – деп жазды Ұлы дала баласы желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, Төреғали Асылханның өз сөзін келтірді:

“Бұл мектеп тікелей елбасының қадағалауымен, және жаңа технологиямен жабдықталған заманауи білім ордасы” – дейді маслиxат депутаты Асылхан Төлепов.

Желі қолданушыларының дені «Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы танылған актердің халық қалаулысы болып, игі іс атқарғанына разылығын білдірді.

«Асылхан жарайсың, тек алға! Осындай жас буындарға қолдау көрсету керек», «Әр уақытта халқыңа қызмет көрсет, тек қана халықтың баласы бол», «Қазақстанның жастары сендердей болсын», «Асылхан деген халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген бір аяулы баламыз ғой», – деп жазды желі қолданушылары.

Алайда Асылханның депутаттық мандатына күмәнмен қарағандар да табылды.

«Бір киноға түсе салып, қандай депутат?», «Ол қашан депутат болған еді?», «Киноға қалай келгені енді түсінікті болды»,- дейді оқырмандар.

Жіберіп алмаңыз:

Асылхан Төлепов пен Аян Өтепберген “төбелесіп қалды” (видео)

Асылхан Төлепов Баян Есентаеваға күйеу бала болмақ

Асылхан Төлепов пен Тәуекел Мүслім “Медеуді” қоқыстан тазалады

Жұрт Асылхан Төлеповты депутат болуымен құттықтап жатыр

Талқылау