Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Қарағанды әкімін өте көрікті деп мақтады

Қалалық мәслихаттың депутаты Геннадий Ивченко қала әкімі Нұрлан Әубәкіровты “өте әдемі” деп мақтады. Бұл сөзді ол бүгін, 24 тамыз күні өткен мәслихат сессиясы кезінде айтты.

5f516e8b43c56bf105b00f30a41

kapital.kz

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

“Білім және денсаулық сақтау нысандары – біздің қаланың бет-бейнесі. Біздің әкім өте әдемі! Мен біздегі білім және денсаулық сақтау нысандары да сондай көрікті болады деп үміттенемін!” – деді депутат Ивченко, қалалық білім бөлім басшысының есебін тыңдаған соң.

Ал өзге халық қалаулылары әкімнің сырт келбетіне қатысты пікір білдірген жоқ. Білім бөлімінің басшысы Дулат Жекебаев болса, мектептер мен балабақшалардың жөндеу жұмыстары туралы айтты. Қарағандыда аталмыш нысандар саны – 128. “Жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында төрт білім ошағын толыққанды жөндеуден өткізуге 78 миллион теңге бөлінген. Ал қалған мектептер мен балабақшалар жергілікті бюджеттен бөлінген 51 миллион теңгеге жөнделеді. Қазіргі таңда оларға Төтенше жағдайлар қызметі жөндеу жасап жатыр екен.

“Сонымен қатар, тамыз айындағы жауын-шашынға байланысты бюджеттен қосымша 30 миллион теңге қарастырылды. Бұл қаражат шатырларды жөндеуге жұмсалады”, – деді Жекебаев.

Талқылау