Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Денсаулық сақтау министрі ораза ұстауда абай болуға шақырды
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясын жұқтырған қазақстандықтарға уақыта ораза ұстамауға шақырды, деп хабарлайды ҚР Ақпарат жәнк коммуникалциялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметіне» сілтеме жасап Stan.kz.

Министрдің пікірінше, қазіргі уақытта аталған аурудың алдын алу маңызды.
«Біріншіден, ересектер мен балаларға адамдар көп жиналатын орындар,а ойын-сауық орталықтарына, адам көп жиналатын мәдени шараларға, желдетілуі нашар орындарға баруды шектеу керек», – дейді министр.
Министрдің мәліметінше, Алматыда менингиттен көз жұмған 4 адамның үшеуі ораза ұстаған.
«Науқастардың кейбірі ауыз бекіткендіктен, дәрі қабылдаудан бас тартып, тым кеш емделе бастаған. Сонымен қатар иммунитеті әлсіз адамдар инфекцияны жылдам жұқтырып алуы мүмкін. Сондықтан біз қазақстандықтарды мүмкіндігінше ауыз бекітуді тоқтата тұруға шақырамыз», – дейді Елжан Біртанов.
Алматыда қандай діни ұйымдар бар? Олардың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық (Фоторепортаж)
Дін қызметкері Қазақстандағы конфессияаралық келісім деңгейін жоғары бағалады
Астаналық әйел автобус бақылаушысын өзіне қол көтерді деп айыптады
Тұрғын: "Жолаушы жолақы төлеу мәселесіне тап болса, сіздермен дұрыс тілдесе алмайды"