Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денистің өліміне күдікті: Бұл тапсырыс емес, бұл тағдыр

Қазақстандық спортшы Денис Теннің қазасына қатысты сот отырысында күдікті жауап берді. Ол спортшының кездейсоқ оқиғадан көз жұмғанын айтты.

Күдікті Арман Құдайбергенов 14 қаңтар күні сотта жауап берді. Бұған дейін прокурор тергеу сараптамасының видеосын көрсетті.

Құдайбергенов пен екінші айыпталушы Қиясов Денис Теннің өлімі үшін айыпталуда. Бұған дейін адвокат спортшының қазасы тапсырыспен болған деген пікір айтқан еді. Істі тергеуге алуды сұрады. Алайда сот төрешісі бұл шағымды қанағаттандырған жоқ.

“Бәрі сіз ойлағандай емес. (Денистің анасы Оксана Тен). Оны өлтіру ойымызда болған жоқ, Бұл тапсырыс өлімі емес. Бұл тағдыр”, – деді Құдайбергенов.

Ол көлік айнасын ұрлағанын, Дениспен төбелескенін мойындады, бірақ өлтіру жайлы келісім болмағанын айтты.

“Мен ұрлыққа бардым, өйткені басқа амалым жоқ еді. Сотталған болғандығымнан мені ешкім жұмысқа алған жоқ”, – дейді күдікті.

Екі күдіктінің айтуынша, Денисті Қиясов пышақтаған. Құдайбергенов көліктен айнаны алып жатқанда, мұны Денис көрген. Соңынан қуып, ұрыны қуып жетеді де төбелесе кетеді. Көмекке досы Қиясов келеді.

“Қиясов пышақпен ұрды. Денисті ұрғанда өзі де жараланды. Денисті жамбасынан ұрды”, – дейді Құдайбергенов.

Айта кетсек, бүгінгі сот отырысында Нұралы Қиясов қайғылы жағдай орын алған күні не болғанын айтып беріп, кінәсін мойындады.

Ал, Қиясов Денисті пышақпен қорқытпақ болғанын айтты. Алайда Денисті өлтіру ойында болмағанын жеткізді.

“Соңынан келіп қалай пышақ салғанымды өзім де білмеймін”, – дейді Қиясов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау