Денис Теннің өліміне қатысты күдікті қыз оқиғаның қалай болғанын айтты

Денис Теннің өліміне күдікті Жанар Толыбаева сотта қылмыс орнынан кетіп қалғанын айтты. Осылайша қылмыс мүшесі болғысы келмеген, деп хабарлайды Stan.kz

Денис қаза болған күні Қиясов пен Құдайбергенов, Толыбаева үшеуі Қиясовтың ағасының көлігін рұқсатсыз алып, қалаға келеді. Жігіттер көлік айнасын ұрламақ болады. Толыбаев олардың мұндай ойын білмегенін айтты.

“Мен көліктің артқы жағында отырдым. Жігіттердің не айтқанын түсінбедім. Олар  дүкенге тоқтады. Тамақ аламыз деді. Мен де соңдарынан ердім. Құрманғазы-Байсейітоваға келгенде олар алдыға жүріп кетті”, – дейді күдікті.

Айтуынша, жігіттер 8 минут ішінде көлік айнасын шешіп алады.

“Мен сәкіде отырдым. Олардың айна ұрлап жатқынын көрдім. Қылмысқа қатыспайын деп кетіп қалдым”, – дейді Толыбаева.

Ол Байсейітовамен келе жатқанда алдынан Денис Тен өтіп кеткен.

“Басымды көтергенде корей бала жанымнан өтіп кетті. Кейін Құдайбергеновтің соңынан қуып бара жатты. Соңынан Қиясов қуды. Олар төбелесіп жатқанда, мен көлігіміз тұрған жерге кетіп қалдым. Кейін жігіттер хабарласып, мені қайда күтетінін айтты”, – дейді Толыбаева.

Оқиғадансоң ешеуі Сайран көліне барып жуынған.

“Мүмкін өледі, мүмкін тірі қалады деді. Қиясов айтқан секілді. Нақты есімде жоқ”, – дейді Толыбаева.

Кейін шаңыраққа келгенде Қиясовтың ағасы қыздың үйден кетуін сұрайды.

“Мен киімдерімді жинап, қалаға шықтым. Құрбым хабарласып, Қапшағайға барайық деді. Қапшағайға барып қыдырдық. Құдайбергенов маған ауылыңа қайт деді. Бірақ мен қылмысқа қатысым жоқ шығар деп ойладым. Ол өзі қаладан кететінін айтты. Кейіннен Instagram желісінен қаза болған Денис Тен екенін білдім. Ертесі Розыбакиев пен Төлеби қиылысында мені полицейлер ұстап алды”, – дейді Толыбаева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар