Денис Теннің қазасынан кейін полицияның жұмысы Алматының қоғамдық кеңесінде қаралып жатыр
Алматыда Денис Теннің қазасынан кейінгі қалалық ІІД-нің есебін тыңдау үшін қоғамдық кеңес жиналды, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агентітігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.
Айдос Сарым өткен жылы Алматыда 45 мың автокөлік ұрлығы болғанын, оның ішінде 4 мың істің ғана беті ашылған атап кетті. Оның айтуынша, Қоғамдық кеңестің мүшелері Алматы қаласының автокөлік нарығында рейд жүргізді. Олар санитарлық жағдайдың мүлде сақталмағанын, касса аппараттарының жоқтығын көріп, жағаларын ұстаған көрінеді. Бұдан басқа, ол ешқандай базарда тіркелген полиция бекеті жоқтығын да атап өтті.
«Сөзге шебер саудагерлер қаптап жүр. Олардың жұмыс кітапшасында қандай лауазым жазылып тұрғаны түсініксіз. Біз сөйлескен барлық сатушылар, Денис Теннің көлігінікі сияқты шамдар ұсынды. Айтуларынша, полиция қызметкерлері рейд жүргізді. Онда үрейленіп жүрген ешкім жоқ, баяғы сол кассалық аппаратсыз, ештеңесіз тауарлар тұр», – дейді Айдос Сарым.
Сонымен қатар, ол мәслихат автокөлік нарығына ерекше мәртебе беру керектігін атап өтті.
«Бізге базарлармен айналысу қажет, оларға бизнес мәртебесі берілуі тиіс. Бұл толыққанды фирма, қымбат металдарды сатуға теңестіріуі тиіс кеңсе болуы керек. Алып-сатумен айналысатын адам қандай да бір түрде белгіленуі қажет емес пе», – деді Айдос Сарым.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.