Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің анасы ұлына арналған ескерткіштің қайда орнатылатынын айтты

Алматыда Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арнап ескерткіш орнатылатын болады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Денис Теннің анасы ұлына арналған ескерткіштің қайда орнатылатынын айтты

Қайғылы жағдайда қаза тапқан спортшыға арналған ескерткішті орнату жобасымен қала әкімдігі айналысады. Сонымен қатар, жобаны іске асыру барысында Денис Теннің отбасы мүшелерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылып, кәсіби мүсіншілер арасында конкурс жарияланатын болады.

Ал, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі өз кезегінде танымал спортшыға арнап қоғамдық қор тіркеумен айналысып, Денис Теннің атында мәнерлеп сырғанау академиясын ашуды жоспарлап отыр.

«Құрметті достар және Денистің өнерін сүйетін жанкүйерлер! Денистің отбасының атынан осы қиын күндерде біздің отбасымызға үлкен қолдау көрсеткен барлық қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді! Осы уақыт ішінде Денистің есімін мәңгі ел есінде сақтау үшін көптеген жобалар мен ұсыныстар айтылды»,-дейді Оксана Тен.

Қазақстандықтарға алғысын білдірген Оксана Тен мемлекеттік органдармен бірлесіп Денис Теннің рухына арналған жобаларды бастап кеткенін айтып, жұртшылықты хабардар етті. Осының төңірегінде, Денистің жоспарлары мен жобаларын жүзеге асыру үшін арнайы қоғамдық қор тіркеліп жатқан көрінеді.

«Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығымен және Алматы қаласы әкімдігімен жеке кездесу өткен кезде біз бірқатар ұсыныстар жасадық. Олардың бәрі түсіністік пен қолдау тапты. Сонымен қатар, Алматы әкімдігі Денистің туған және тұрған үйінде мемориалдық тақта орнатуға және ол туралы кітап шығаруға көмектемін, деп уәде берді. Бүгінде біз Денистің достарымен бірігіп кітапқа арналған материалдарды дайындап жатырмыз»,-дейді Оксана Тен.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, бапкер Максим Марининнің қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге Сочидегі Олимпиадаға дейін лайықты баға берілмегенін айтып қынжылған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау