Денис Тенге арнап жанкүйері жасаған туынды Жапония мұражайына қойылмақ
Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жанкүйерінің еңбегі Жапониядағы мұражайға қойылмақ. Бойжеткен спортшының бейнесі бейнеленген панноны өз қолымен жасаған.
«Қонақ үйге оралып келе жатқанымда Жапония мұражайында өтетін көрмеге қойылатын фотосуреттерді топырлатып тастады. Жанкүйерлерімнің бірі менің бейнем салынған мына туындыны ұсыныпты. Тамаша! Жапонияның Осака қаласында ҚР Тәуелсіздігі күні тамаша болды», – деп жазады Денис Тен Инстаграмдағы парақшасында.
Айта кетейік, Денис Тен Жапонияда өтетін «Christmas on Ice» шоуына әзірлік үстінде.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан


