Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Тенді өлтірген қылмыскерлер өмір бойға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерді ауыр жаза күтіп тұр. 25 жастағы спортшыға пышақ жарақатын келтіріп, өлтірген қылмыскерлер өмір бойға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Денис Тенді өлтірген қылмыскерлер өмір бойға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қайғылы жағдайда көз жұмған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің “адам өлтіру” бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Осы бапқа сәйкес, адам өлтірген қылмыскердің мүлкi тәркiленеді немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге не өмiр бойына бас бостандығынан айырылады.

Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 99- бабының, 2-бөлігі пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып жасалған не қарақшылықпен немесе қорқытумен байланысты адам өлтіру қылмыстарын қарастырады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді бұзақылар пышақтап кеткен болатын. Кейіннен, ауыр жағдаймен ауруханаға түскен спортшының жансақтау бөлімінде көз жұмғаны хабарланды.

Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті – 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау