Денис Тен сияқты қайтыс болды: Ақтауда бұрынғы КВН ойыншысын белгісіз біреу пышақтап кетті
Ақтауда КВН-нің бұрынғы ойыншысын Данияр Әлібаевты пышақтап кетті. Ауыр жарақат алған ол, өмірден озды. Дәл осылай ұрылар екі күн бұрын Денис Теннің өміріне шабуыл жасаған еді. Бұл туралы Лада басылымы хабарлайды.
21 шілдеге қараған түні Ақтөбенің КВН құрамасында ойнаған азаматты белгісіз біреу пышақтап кетті.
Оның достары жергілікті басылымға , 32 жастағы Данияр Әлімбаевқа түнгі сағат 03:30-да, алтыншы ықшам ауданында орналасқан мекемелердің бірінде шабуыл жасалынғанын айтты. Жігіт ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны құтқарып үлгермеді.
Маңғыстау облысының ауруханасына екі аяғы да жарақатталған Данияр Әлімбаев ауыр халде түскен.
“Бір аяғында артерия мен басқа да тамырларына зақым келген. Оған шұғыл түрде операция жасадық, сосын ол жан сақтау бөліміне көшірілді”, — дейді дәрігерлер.
Данияр Әлімбаев Ақтөбе қаласының КВН құрамасында ойнаған. Сочиде өткен КВН фестиваліне де қатысқан. Оның әйелі және төрт баласы бар.
Талқылау

"1 жастағы науқасқа етеккір келді": Қазақстандық гинеколог жыныстық жетілудің жасы қысқарып жатқанын айтып дабыл қақты
Патологиясы бар қыздар міндетті түрде балалар эндокринологының бақылауында болуы керек

Қаржылық жағдайы нашарлаған қазақстандықтар алимент төлеуден босатылады: Әділет министрлігі өзгерістерді түсіндірді
Жоғарғы cот алимент өндіріп алуға қатысты нормативтік қаулысына өзгеріс енгізді