Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Тен Шанхайда өткен турнирде қола медальді еншіледі 

2014 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Шанхайда өтіп жатқан Shanghai Trophy турнирінде үшінші орынды иеленді.

Б9л туралы Vesti.kz хабарлайды.

Жеке сырғанаудың жеңімпазы ерікті бағдарлама нәтижелері бойынша анықталды. Ал Денис Тен өзінің өнері үшін 157,01 ұпай алды.

Бірінші орынды 175,65 ұпай жинаған ресейлік Александр Самарин алса, екінші орынды Грузия елінен келген Морис Квителашвили 157,78 ұпаймен місе тұтты.

Ал қыздар арасынан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева екінше орынды иеленді. Ол ерікті бағдарламасы үшін 128,45 ұпай алды. Бірінші және үшінші орындарға ресейлік Елена Радионова (131,06) мен Мария Сотскова (128,18) ие болды.

Оқи отырыңыз:

Бокста алғаш рет нокаут алған спортшы көз жұмды

Қазақстан құрамасы джиу-джитсу бойынша Әлем чемпионатында екі қола және күміс жүлдеге ие болды

Элизабет Тұрсынбаева Шанхайда өткен турнирде күміс жүлдеге ие болды

74 жастағы көкшетаулық қария Сеулде гір тасын көтеруден чемпион атанды

Талқылау