Денис Тен мұз айдынға Димаштың әнімен шығып өнер көрсетті
Мәскеуде мәнерлеп сырғанаудан “Ростелеком кубогы” гран-при кезеңі өз мәресіне жетті. Ерлер арасында бірінші орынды америкалық Нэйтан Чен (293.79 балл) иеленсе, қыздар арасында ресейлік Евгения Медведева (231.21 балл) еншіледі.

Қазақстандық Денис Тен бұл жолғы сайыста 214,35 балл жинап тоғызыншы орынды қанағат тұтты. Ал Элизабет Тұрсынбаева 184,95 баллмен сегізінші орын алды. Айта кету керек, Денис Тен еркін бағдарламада өнер көрсету кезінде қазақстандық әнші Димаштың әніне композиция қойды.
Денис Тен бұл жолғы жарысқа былтыр алған жарақатынан айығып шығып отыр.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты