Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Тен Францияда өткен Гран-приде сегізінші орынды иеленді (видео)

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Францияның Гренобл қаласында өткен Гран-приде ақтық кезең алдындағы сайыста 8-орынға иеленді, – деп хабарлайды  Stan.kz.

Алматылық мәнерлеп сырғанаушы жарақаттан енді айығып келе жатқанына қарамастан, сайысқа қатысқан-ды. Бірақ ол бағдарлама барысында бірнеше қателік жіберіп, мінсіз өнер көрсете алмады. Десе де Денис қолын кесіп алса да, бағдарламаны финалға дейін жеткізді. Екі бағдарлама нәтижесінде жалпы саны 228,57 ұпай жиған.

Естеріңізге сала кетсек, Денис қысқа бағдарламадан кейін жетінші орынға жайғасқан еді.

Гран-приде испаниялық Хавьер Фернандес 283,71 ұпаймен жеңіске жетті. Ал екінші орында жапониялық Сема Уно (273,32), үшінші орынды өзбекстандық Миша Ге (258.34) иеленді.

Оқи отырыңыз:

Аты аңызға айналған түрік зілтеміршісі Найм Сүлейменоғлы қайтыс болды

Амандық Баталов халықаралық турнирде волейбол ойнады (фото)

Дзюдошы Отгонцэцэг Гаагада өтіп жатқан Гран-приде күміс жүлдеге ие болды

Талқылау