Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денім сау екеніне сендіріп келді: Қатерлі дертке шалдыққан әйел дәрігерлер диагноз қоя алмағандықтан қайтыс болды

Англияның Дувр қаласында дәрігерлер пациенттің жатыр мойнының қатерлі ісігіне шалдыққанын анықтай алмаған. Олар дертті таяуда босанғанының салдары деп ойлаған. Соның салдарынан қатерлі дертке шалдыққанын кеш білген әйел қайтыс болды.

«Денім сау екеніне сендіріп келді: Қатерлі дертке шалдыққан әйел дәрігерлер диагноз қоя алмағандықтан қайтыс болды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жозефина Саффолк 2017 жылдың қыркүйек айында алғаш рет тексеріліп, қанның көп келетінін айтып шағымданыпты. Сол кезде дәрігерлер мұның босанғаннан кейінгі етеккір циклінің бұзылуымен байланысты екенін айтқан. Мұнан кейін әйел дәл осы шағымымен дәрігерлерге 5 рет барыпты. Алайда дәрігерлер оның диагнозын анықтай алмаған. 

«Қан тоқтамады. Бірнеше ай бойы денім сау екеніне сендіріп келді. Алайда мен проблема гормондарда емес екенін білдім. Әлдененің дұрыс емес екенін сездім», - депті ол 2018 жылдың желтоқсан айында. 

Сол кезде әйел өзінің оқиғасын айтып, адамдарға дәрігерлердің салғырттығы туралы ескерткісі келіпті. 

2018 жылдың маусым айында Саффолктың күдігі расталған. Мамандар оның бойынан жатыр мойнының қатерлі ісігін анықтапты. Сол кезде оның дерті төртінші дәрежеге жетіп, өкпесіне жайылып, қанына сіңіп кеткен. Ісіктің көлемі үлкен болғандықтан, ота жасау мүмкін болмаған. Сондықтан дәрігерлер оған химиотерапия курсын тағайындапты.

Өкінішке орай, дәрігерлер Жозефина Саффлоктің өмірін құтқара алмады. Ол 2019 жылдың 18 мамырында 29 жасында қайтыс болды. 

Талқылау