Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дені сау бола тұра жындыханада жатқан Маржан Тұрлыбаева қалай өзгерді? (фото)

Оңтүстік өңірінің тумасы Маржан Тұрлыбаеваның тағдыры барша қазақстандықтарды алаңдатқан еді. Ол ақыл-есі түзу болса да сегіз жыл өмірін ақыл-есі кем жандарға арналған емханада өткізген.

маржан турлыбаева

Себебі оны балалар үйінен асырап алған өгей анасы оны азаптаған, өзінің айтуынша, көрсетпегенді көрсеткен. Одан кейін ақырында одан құтылу мақсатында сау қызды жындыханаға жауып тынған. Ақырында республикалық сот-медициналық сараптамасы оның ақыл-есінің дұрыстығын дәлелдеп, жындыханадан шығарды.

Ал қазір Маржан Тұрлыбаева не істеп жүр? Оның бітім-болмысы қалай өзгерді? Бұл ретте бойжеткеннің желідегі парақшасына үңіліп көрейік.

Маржан Instagram-да тегін Молдабекова деп өзгерткен.

Screenshot_5

Жуырда Маржан кәсіби әрлеушілердің көмегіне жүгініп, өзінің образын мынадай етіп өзгертті.

Screenshot_11

Алғашқы суретін жүктеген кезде ол желідегі оқырмандарынан өзінің қай әншіге ұқсап тұрғанын сұрады. Көпшілік Маржанды әлемге әйгілі американдық әнші Рианнаға ұқсатты. Одан кейін Маржан Рианна екеуінің қатар тұрған суретін жүктеп қойды.

Screenshot_9

Айтпақшы Маржанның шетелдік жұлдыздан да асқан сұлу екенін айтқандар да көп болған. Ал Маржанды танитындар оның адам танымастай болып өзгергенін айтып таңғалуда.

Screenshot_7

Screenshot_6

Көпшілік қиыншылықты көп көрген қазақ қызына өмірден өз орнын табуын тіледі. Сондай-ақ, олар Маржанға сәнбике болуға кеңес берді.

Screenshot_8

Жіберіп алмаңыз:

Қанат Айтбаев Димашты сынаған дінтанушыға жауап берді

Луина із-түссіз жоғалған анасының суретін көрсетті (фото)

Айдана Меденова өзін “ұмытуды бұйырды” (видео)

Әйгілі “Chanel” мұрагеріне тұрмысқа шыққан Тоғжан Ізбасарова қыз босанды

Талқылау