Денесіне алқасы жабысып өсіп кеткен: Мәскеуде пәтерден маугли-қыз табылды (видео)
РФ тергеу комитеті жабық бөлмеден тапқан бүлдіршіннің пәтерін видеоға түсіріп жариялады.
Пәтерде қоқыстың тізеден келетіндей үйіліп қалғаны, жуылмаған ыдыс-аяқтың қаптап тұрғаны, жиһаздардың шашылып жатқаны, үйдің астаң-кестеңі шығып жатқаны байқалады.
Полицейлері көршілердің шағымынан соң пәтерді ашып көрген. Көршілері әлдеқандай бүлдіршіннің күні-түні жылағанын айтып шағыманыпты. Бүлдіршін әбден арықтап, анорекцияға шалдыққан, терісіне алқасы жабысып өсіп кеткен.
БАҚ өкілдері қызды Маугли де атап кетті. Бүлдіршіннің анасы тұтқындалды. Оны тергеушілер жауапқа алуда. Оған қатысты "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген