Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дене қызуы 39 градусқа көтерілген Оразымбетова тікелей эфирде домбырамен ән салды (видео)

Гүлнұр Оразымбетова қатты ауырып тұрса да, тікелей эфирде бағдарлама жүргізген күндерін еске алды. Әнші тіпті 39 градус дене қызуымен ән айтқан екен.

16110854_123929501450279_9055817562977206272_n

Фото: instagram.com/gulnurorazymbetova/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын Гүлнұр Оразымбетова қатты ауырып қалған-ды. Әншінің дене қызуы көтеріліп, тұмауратқан. Десе де, денсаулықтан, жұмыстағы жауапкершілігін артық көрген екен. Осы орайда, ол көңіл-күйін көтерген әріптестеріне алғыс айтты.

“3 сағат тікелей эфирда мұрын да пышылдап, нешетүрлі жағдайлар болады. Оның үстіне тұмауратып тұрсаң, тіпті қиын. Бірақ Таңшолпан ұжымы, əріптестестер, режиссер Ақмаралдың, əріптесім, студияда күшті ауа-райын жасап жүретін Даниярдың  арқасында бəрі сəтті өтті!” – дейді ол.

Мұнымен қатар, әнші қатты ауырып тұрса да, домбырамен ән салғанын еске алды. “Дене қызуы 39 болып тұрса да, əн айтқаным несі? Бірақ, бір таңғалғаным əн біткенде терім бұрқ ете қалды. Содан көз шайдай ашылды. Өнердің құдіреті деген осы шығар, иə? Видео енді жетті маған”, – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Айсәуле Бақытбек кәсібилікті сақтамаған журналистерге ашуланды

Гауһар Әлімбекова: Мен ақшақұмар адам емеспін

Бейбіт Қорған да қажылыққа аттанып кетті

Айдана Меденова алғаш рет ата-енесінің өзін қалай қабылдағанын айтты

Талқылау