Даяшының Головкин жайлы сұрағы атақты бапкердің жүйкесіне тиді
Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Конор Макгрегордың бапкері Джон Каванаг твиттердегі жеке парақшасында қазақстандық боксшы туралы болған диалогтан үзінді жариялады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

“Таңғы ас әкелген даяшы:
— Қайдан боласыз?
— Ирландиядан.
— О, керемет. Менің сүйікті боксшымды білесіз бе? GGG!
— Тамаша, бірақ ол Қазақстаннан.
— Иә, бірақ тұтас Ұлыбритания және барлығы…
— Иә, дегенмен мен ирландиялықпын.
— Олай болса, асыңыз дәмді болсын”.
Айта кетейік, Каванагтың ең танымал шәкірті – UFC чемпионы Конор Макгрегор.
Ал, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) 5 мамырда рингке оралып, мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш өткізеді деп жоспарланып отыр.
Тағы оқыңыз:
Головкин-Альварес жекпе-жегінде есептің тең болуына басты кінәлі адам анықталды
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы