Даяшы үстел басында отырған баланың бетіне ыстық сорпа төгіп алды (видео)
Қытайда даяшы үстел басында отырған баланың бетіне ыстық сорпа төгіп алды.
Оқиға Хунань провинциясындағы Юнчжоу қаласында болыпты.
Бейнежазбада даяшының үш адам отырған үстелге жақындап келгені көрінеді. Қолына ыстық сорпа толы ыдыс болған.
Даяшы кенеттен еденге тайып кетіп, қолындағы ыстық асты баланың үстіне төгіп алады. Күйік шалған балақай жергілікті ауруханаға жеткізілген. Мекеме өкілдері еденге май төгілгенін, сол себепті даяшының аяғы тайып кеткенін айтып ақталыпты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалық ашпақ болған жапондар 177 китті өлтіріп тастады
Өзін пайғамбармын деген ер адам кішкентай қыздарды зорлаумен айналысқан
Талқылау