Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Елеусінов Бернард Томаспен айқас алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Нью-Йоркте (АҚШ)салмақ өлшеу рәсімі өтті. Бокс кеші аясында рингке 29 жастағы қазақстандық сайыпқыран Дәурен Елеусінов шығады.

Desktop_160217_2153-655x381

Бұл туралы inboxing.kz сайты хабарлайды.

6 раундқа созылатын жекпе-жектегі қарсыласы – 25 жастағы америкалық Бернард Томас. Боксшылар талап етілген салмақтан аса қоймады. Дәурен 161 фунт (73 кел) болса, Бернардтың салмағы 162 фунтты (73,48 келі) құрады.

Бұл айқас Елесіновтың спорттық жолындағы бесінші жекпе-жегі болмақ. Осының алдындағы барлық кездесулерін қазақстандық айқын басымдықпен аяқтаған. Ал үш қарсыласын уақытынан бұрын тізе бүктірді.

Талқылау