Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Абаев жылы кабинетті тастап, жабайы табиғатқа аттанбақ

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қазақстандық телеарнадағы реалити-шоуға қатысуы мүмкін.

21150259_381724948912903_856258635805343688_n

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, “24 сағат табиғат құшағында” деп аталатын жаңа экстремалды спорттық-танымдық реалити-шоу қатысушылар жасына шек қоймайды.

Жобаның жүргізушісі актер Нұржан Садыбеков. Бағдарлама барысында жүргізуші танымал кейіпкермен бірге Қазақстандағы өңірлердің біріне жол тартады.

“Министр Абаев жобаға қызығушылық танытты және ол шығарылымдардың біріне қатысуы мүмкін”, – делінген хабарламада.

Ал министрдің өзі бағдарламаның көрермендердің көңілінен шығатынына сенім білдіріп, түсірілім тобының дайындық жұмыстарын жоғары бағалаған.

Қатысушылар әртүрлі жағдайда бір тәулік уақытты өткізеді. Олар жобаға түсу кезінде барлық өркениет игіліктерінен қол үзіп, табиғатпен жеке-дара қалады. Шоу 2 қыркүйектен бастап әр сенбі сағат 19:00-де көрсетіледі.

“29-30 тамыз күндері Алматы қаласы мен Алматы облысында болдық. Сол жақта жаңа сериалдар мен бағдарламаларды түсіру жұмысымен танысып шықтық. Жалпы, ағымдағы жылда министрліктің бастамасымен 39 сериал түсіріледі. Аталған сериалдар ұлттық салт-дәстүрден бастап қазіргі жастар мәселесі, ақпараттық технологиялар, сақшылардың күнделікті қызметі, ауылдың өмірі, отандық журналистика, бизнес пен ауыл шаруашылығын дамытуға дейінгі қоғам өмірін жан-жақты қамтиды”, – деп жазды министрдің өзі Фейсбуктегі парақшасында.

Оқи отырыңыз:

ҚР жаңа Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Елбасы сот жүйесі туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды

Еліміздің жеті облысына жаңадан прокурорлар тағайындалды

Мәсімов, Жақсыбеков, Мұхамедиұлы Астанадағы марафонда жүгірді (фото, видео)

Талқылау