Дархан Кәлетаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дархан Кәлетаевты Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

“Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын”, — делінген жарлықта.

Дархан Кәлетаев 1972 жылы 14 қазанда  ШҚО, Тарбағатай ауданы Тұғыл (Приозерное) кентінде туған.

1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша аяқтады. 1996-1997 жылы ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген. Әр жылдары мемлекеттік қызметте басшылық қызметтер атқарды. 2007- 2008 жылдары Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болды. 2008-2009 жылдары “Нұр Отан” ХДП төрағасының бірінші орынбасары  және ҚР президентінің кеңесшісі қызметін атқарды. 2009 жылдан бастап “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры лауазымында болды. 2016 жылдың қазанында сенат депутаты болып тағайындалды.

Бұған дейін, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып келген Нұрлан Ермекбаев бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін атқаратын болады.

“Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын”, – делінген Президенттің жарлығында.
Тағы оқыңыз:

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар