Дәрігерлерден қорыққаны үшін ауруханаға бармаған әйелдің денесіндегі ісік 28 келіге дейін өсіп кеткен

Сингапурде 53 жастағы әйелдің денесінен салмағы шамамен 28 келі болатын ісік алынды. Ол дәрігерлерден қорыққандықтан, ауруханаға бармай жүре берген екен. Алайда уақыт өте келе ісік қозғалып, тыныс алуына кедергі келтірген.

Дәрігерлерден қорыққаны үшін ауруханаға бармаған әйелдің денесіндегі ісік 28 келіге дейін өсіп кеткен

Пациенттің бойынан жатырдың фибромасы анықталған. Бұл зиянсыз ісік болып табылады, деп хабарлайды Live Science басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Алайда ісіктің үлкейіп кеткені сонша, әйелдің қозғалысына ғана емес, демалуына да кедергі келтірген. Ол осындай күйде жарты жыл жүріпті.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің денесінде пайда болған ісік асқабаққа ұқсайды әрі оның құрсақ қуысы мен жабасына жайылып кеткен. Мамандар ісікті алып тастау үшін, науқастың жатыры мен аналық безін алып тастауға мәжбүр болды.

Әйелдің денесінде фиброма қашан пайда болғаны белгісіз. Алайда оның 28 келіге дейін үлкеюі үшін кемінде 5 жыл кеткен.

Бұл орайда мамандар әйелдің тамақтанған және зәр шығарған кезде жайсыздық сезінбегенін атап өтті. Демек, оның денесіндегі ісіктің көлемінің ұлғаюы өте баяу жүрген деп топшылап отыр.

Өз кезегінде пациент отадан қорыққандықтан, дәрігерлерге жүгінбегенін мойындады.

Қазіргі уақытта оның жағдайды қалыпты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар