Дәрігерлер жылытуға болмайтын тағамдар тізімін жариялады
Мамандар қайтадан жылытып, ауқаттануға болмайтын тамақтардың тізімін жария етті.

Олардың айтуынша, қызылша, ет, саңырауқұлақ, тауық жұмыртқасы өнімдерінен жасалған тамақтарды жылыту зиян. Сондай-ақ, картоп қосылған тағамдарды да екінші қайтара қысқа толқынды пешке салуға болмайды екен.
Қайта жылытылған тамақ өз бойындағы пайдалы қасиеттерден айырылып, зиянды тағамға айналып шыға келеді екен. Мысалы, қыздырған кезде қызылша дәрумендерден, ет дәмінен ажырайды. Ет ұзақ қорытылатын тамақ түріне жататындықтан, оны қайта жылытып жеу тіпті қауіпті де болуы ықтимал.
Ал қайта қыздырылған жағдайда саңырауқұлақ ақуыздан айырылса, картоптың бойындағы крахмалдар жоғалып кетеді екен. Мұның барлығы әрине жоғарғы температураның кесірінен орын алады.
Оқи отырыңыз >>>
Ашқарынға қандай асты жеуге болмайтынын біле жүріңіз
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан