Елімізде кейбір йогурт пен қойытылған сүт өнімдері денсаулыққа зиянды болып шықты
Санитарлық дәрігерлер йогурт пен қойытылған сүтті сатылымнан алып тастауды ұсынуда.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Бірқатар ресейлік және қазақстандық өндіріс орындарының өнімдері денсаулық үшін қауіпті болып шыққан.
Тұтынушылар құқығын қорғайтын комиеттің мәліметінше, біраз осындай өнімдерден ішек таяқшалары және іріңдеуді туғызатын бактериялар табылған.
Әсіресе, “Зенченко и К” деп аталатын Петропавлдағы сүт зауыты мен ресейлік “Кампина” өнімдері мүлде жарамсыз екен. Қауіпті бактериялар адамның ішкі құрылысына кері әсер етіп, ауру туғызуы мүмкін.
Сонымен қатар, санитарлық дәрігерлер ресейлік “ПромКонсервы” зауытының қойытылған сүттерін де қауіпті өнімдер қатарына жатқызған. Одан аса үлкен көлемдегі микробтар анықталып отыр.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды