Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер «угги» етігінің денсаулық үшін қауіпті екенін анықтады

Мамандардың айтуынша, қыстық аяқ киімнің мұндай түрін ұнататын адамдарда тізесіне байланысты қиындықтар пайда болуы мүмкін, – деп хабарлайды Stan.kz.

Лондон клиникасының ортопедиялық хирургі Иэн Макдермотт «угги» етігін киетін адамдардың денсаулығында қиындықтар туындайтынын ескертті. Бұл аяқ киім аяқты дұрыс қалыпта ұстап тұрмайтындықтан, тізе аурулары пайда болуы мүмкін.

Аталған етікті жиі киетін адамдардың тізе буынындағы сіңірінде кінәрат пайда болады. Лондондық клиниканың кеңесшісі қыстық аяқ киімнің басқа түрлерін киюге кеңес берді.

««Угги» етігі аяққа ыңғайлы болып көрінуі мүмкін. Бірақ қыстық аяқ киімнің басқа түрін таңдаған жөн», – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Баланың табанында барлық ағзаға жауапты нүктелер бар: Ұқалай отырып ауырсынуды басуға болады

Қырғызстанда өндірілген кей тағамдар сапасыз әрі қауіпті болып шықты

Жыл сайын Қазақстанда бас және мойын ісігіне 2 мыңнан астам адам шалдығады

Жесір әйел күйеуінің беті ауыстырып қойылған ер адаммен кездесті

 

Талқылау