Дәрігерлер науқастың асқазанынан 7 қасық, пышақ пен тіс щеткасын алып шықты
Үндістанның Манди округінде дәрігерлер науқастың асқазанынан асүй заттарын тапты.

Есімі белгісіз ер адам ішінің қатты ауырып тұрғанын айтып, дәрігерге қаралады. Лала Бахадура Шастри атындағы мемлекеттік медициналық колледждің дәрігерлері науқасқа рентген түсірілімін жасады. Оның асқазанында бөгде заттар бары анықталды. Науқасты шұғыл отаға жіберді.
Ота кезінде мамандар науқастың ішінен 7 кіші темір қасық, екі тіс щеткасын, екі бұрағыш құрал, кішкентай пышақ алды. Олар науқастың осындай заттар жұтып аман қалғанына таңғалды.
Дәрігерлер науқас Пика дертімен ауырады деп болжады. Бұл дертпен ауыратындар барлық затты жей береді. Зат пен жейтін тағамды ажырата алмайды.
Қазір науқас ауыр жағдайда. Интенсивті ем алуда. Дәрігерлер біраз уақыттан соң жағдайы оңалады деп сендіріп отыр.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық