Дәрігерлер қателесіп әйелдің сау бүйрегін алып тастады
Дәрігерлер қателікпен науқастың сау мүшесін алып тастады. Қазір дәрігерге қатысты іс қаралып жатыр.

Оқиға 2016 жылы сәуір айында Флоридада болған. Науқас әйел омыртқасы зақымданып, ота жасатуы керек болған. Хирург Рамон Васкез науқастың арқасының төменгі жағын кесіп, жамбас қуысында ерекше затты көреді. Оны қатерлі жара деп ойлап, тез арада алып тастайды.
Бір айдан кейін алып тасталған заттың науқастың сау бүйрегі болғаны анықталды. Науқастың ағзасы ауырғандықтан үйрегі жамбасына қарай түсіп кеткен екен.
Енді дәрігерге айыппұл салмақ. Оны медициналық қызметіне айыруы мүмкін. Хирургтің адвокаты емхананың кінәлі екенін айтады. Дәрігерге бұл жайлы ескертпеген. Науқастың бүйрегінің төмендеп кеткені отаға дейінгі түскен томография кезінде белгілі болған.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды