Дәрігерлер галстуктың зиянды екенін айтып дабыл қақты
Неміс ғалымдары галстуктың бастағы қан айналымына теріс әсер ететінін анықтады.

Шлезвиг-Голштейн университеттік емхана мамандары галстуктың қан тамырларын қысып, ағзадағы қан айналым жүйесіне кері әсер ететінін айтты.
Зерттеуге 30 ерікті қатысты. Олардың жартысы галстук тағып, томографияға түсті. Екінші жартысы галстуксыз тексерілді. Галстук таққандардың ми қан айналымының нашар болғаны анық болды.
Мамандар кеңселік жұмыстарды дресс-код үлгісінде киініп, галстук тағуға міндеттеудің денсаулыққа осындай зияны барын айтуда.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған