Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Дәрігерлер ер адамның құлағынан тірі шегірткені алып шықты (видео)
Вьетнамның Хайзыонг қаласында дәрігерлер пациенттің құлағынан тірі шегірткені алып шықты.

Бұл туралы UPI басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Ер адам қалалық аурухана дәрігерлеріне жүгініп, құлағының ауыратынын айтып шағымданған. Жасалған эндоскопия барысында оның құлағының сыртқы есту жолына жәндік кіріп алғаны анықталды. Пациенттің құлағының ішінде жыбырлаған жәндік оның құлағын одан сайын ауырта түскен.
Дәрігерлер медицианалық құралдың көмегімен шегірткені алып шықты. Артынша эндоскоптың көмегімен түсірілген видео интернетте жарияланды.
Шегірткелер інде өмір сүріп, ұзындығы 5 сантиметрге дейін өседі. Вьетнамда бұл жәндіктерді майға қуырып, жеңіл ас ретінде жейді. Тағамдық мақсатта пайдаланылатын шегірткелер арнайы фермаларда өсіріледі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"