Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер денесінен 16 ине табылған сәбиді видеоға түсіруге рұқсат берді (видео)

Денесінен 16 ине табылған сәби туралы ақпарат қаңтар айында тарады. Өзбекстан ауруханаларының біріне ауыр халде 11 айлық сәби келіп түсті. Дәрігерлер 9 сағат бойы ота жасап, сәбидің денесінен 13 инені алып шықты.

Бұл туралы Өзбекстан-24 арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Баланың денесінде әлі де үш ине бар. Алайда дәрігерлер қалған үш инені баланың жағдайы тұрақталған кезде алған дұрыс деп отыр.

Қазіргі таңда отадан кейін бір ай уақыт өтті. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің жағдайы жақсарып келеді. Бала 6 ақпан күні 1 жасқа толған.

Ал баланың денесіне инелердің қандай жолмен түскені белгісіз. Оны құқық қорғау органдары анықтайтын болады. Бір анығы, ата-анасы сәбидің дене қызуы көтерілгендіктен ауруханаға жеткізген.

Жіберіп алмаңыз:

Шұғыл қан керек: Қарағандыда жарылыстан зардап шеккен отбасының туыстары елден көмек сұрады

Алматылық азамат асқазаны бітеу туған 1,5 жасар ұлы үшін елден көмек сұрады

Жесір әйелді жасырын жыныстық қатынасқа шақырған діндар оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ақтауда 21 тұтқынға тосқауыл болған күзетшінің ерлігі жайлы фильм түсірілді

Талқылау