Дәрігерлер Алматыдағы қып-қызыл түске боялған өзен суына қатысты пікір білдірді (видео)
Қалалық клиникалық инфекция емханасының бас дәрігері Айгүл Абдрахманова желіде пайда болған видеоға қатысты түсінік берді.
Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
«Бүгін күн соңына дейін санитарлы-химиялық болжам мәліметтері белгілі болады деп ойлаймын. Үш күн аралығында судың бактериологиялық құрамы анық болады. Алдымен таралған ақпараттың анық-қанығын біліп алмақпыз. Төтенше жағдайлар департаменті видеоны желіге кімнің салғанын, оның қаншалықты рас екенін анықтады. Бұл бір ғана видео. Сондықтан бұл нақты ақпарат дегенге толық сенімді емеспіз. Қазір видео авторымен сөйлесіп, мекен жайды сұрадық. Ол видеоны түсірген жерді көрсетіп, өзен суын тексеріп көреміз», – деді бас дәрігер.
Бұған дейін желіде Алматы өзенінің қызыл түс болып ағып жатқаны туралы видео тараған еді. Видео 20 мамыр күні түсірілген деп көрсетілді.
Тағы да оқыңыз:
Мәдениеттанушы: Өзгелер мазақтап жүрген “Мәмбет” сөзі аяулы пайғамбарымыздың есімі
Қайыршылықпен айналысқан әйел банк есепшотында 1 млн доллар ақша жинаған
Жүрегім ауырды: Ақтөбелік кәсіпкер мүгедек қыздың отбасына 2 бөлмелі пәтер сыйлады