Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер 5 айлық сәбидің көзінен оннан аса тірі құртты алып шықты (видео)

Қытайдың Сиань қаласында дәрігерлер 5 айлық сәбидің көзінен 11 паразитті алып шықты.

Дәрігерлер 5 айлық сәбидің көзінен оннан аса тірі құртты алып шықты (видео)

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Анасы Дун-Дун есімді 5 айлық ұлының үнемі көзін сүрте беретінін байқап, ауруханаға алып келген. Сәбиді тексерген дәрігерлер оның көз алмасының беті мен астыңғы қабағының астынан көптеген жұмырқұртты байқапты.

Дәрігерлер қысқыштың көмегімен сәбидің сөзінен 11 паразитті алып шықты. Ота 21 минутқа созылған. Оның көзінен алынған құрттар зертханаға жіберілді. Ал кішкентай Дун-Дун ауруханада қалдырылды.

Медицина қызметкерлері балаға «ноғала» диагонзын қойды. Бұл көздің Thelazia callipaeda аталатын домалақ құрттармен зақымдалуы. Аталған инфекция адамдарда, иттер мен мысықтарда кездеседі. Баланың анасы үйде жануарларды ұстамайтынын айтты. Алайда ұлының көршілердің үй жануарларын ұстап, ойнағанын көрген.

Thelazia callipaeda жұмырқұрттары алғаш рет 1910 жылы Қытайда иттің көзінен анықталды. Әдетте оның дернәсілдері көзге Phortica variegata шыбындары арқылы түседі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау