Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер: Павлодарда қоқыстан табылған сәбиге қатты суық тиген 

Облыстың бас дәрігері Ораз Мұқашев қоқыс контейнерінен табылған сәбидің денсаулығы туралы Қазақпарат тілшісіне айтып берді.


«Біз баланы емдеп жатырмыз. Оның туыстары, тіпті туған анасы да табылып қалу мүмкін. Баланы барлық емдеу шараларынан өткіздік.

Қазіргі жағдайы қалыпты және ауыр. Барлық мүшелері жұмыс істеп тұр, тамақтандырып қойдық. Оған қатты суық өтіп кеткен, оның қоқыс жәшігінде қанша уақыт жатқаны белгісіз.

Соған қарамастан дәрігерлер түні бойы жұмыс істеп, нәрестенің бетін бері қаратты», – деді Ораз Мұқашев.

Сонымен қатар, бас дәрігер баланың бойында ешқандай туа бітті дерттің жоқ екендігін айтты.

Оқи отырыңыз:

Ауғанстанда қаза болған қазақстандық азамат Отанына жеткізіліп, жер қойнына тапсырылды

Таиланд жағажайларында темекі шеккен қазақстандықтар 3 мың доллар айыппұл төлейді

Қысқы олимпиадаға баратын спортшылардың ұялы байланысына 30 млн теңге бөлінді

Өскеменде студенттер өздеріне ыңғайлы мобильді қосымша ойлап тапты

 

 

 

Талқылау