Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер отбасын атып өлтіріп, соңынан өзіне қол салды

Америкада Қызыл крест ұйымының медициналық директоры доктор Джон Лунетта әйелі мен баласын, итін атып өлтірді. Соңынан өзіне қол салды.

20170713094446

Полицейлер көз жұмғандардың денесін бір тәуліктен соң тапты. Әкесі ұлын 1 жасқа толуына екі күн қалғанда өлтірген. Невада полицейлері таяуда оларға отбасылық жанжалға қатысты шақырту түскенін растады.

ftbe2wAl

Көршілері марқұм әйелдің жақсы адам болғанын айтты. Ол баласын тәрбиелеп, қалған уақытын білімін жетілдіруге жұмсайтын болған. Оның басқа некеден туған 10 жасар қызы ғана аман қалды. Қайғылы оқиға болар күні қыз үйде болмапты.

CaMfzJJl

Дәрігердің әріптестері мен таныстары оның мұндай қылмысқа барғанына сенбей дал. Өйткені дәрігер олардың бәрімен жақсы қатынаста болған. Әрі отбасын ерекше жақсы көрген екен.

Тағы да оқыңыз:

Француз жазушысы өз кітабының кейіпкері сияқты өзін өлтірді

АҚШ президенті Путинмен өте қатал түрде сөйлескенін айтты

АҚШ-та мұғалім өз оқушысымен жасаған сексті видеоға түсірген

Талқылау