Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер ота арқылы денесіндегі артық майды алдырмақ болған қыздың мұрнын өзгертіп тастаған

АҚШ-та тұратын Мариэла есімді әйел дәрігерлер өзінің рұқсатынсыз мұрын пішінін өзгерту бойынша пластикалық ота жасап тастағанын айтты.

Дәрігер ота арқылы денесіндегі артық майды алдырмақ болған қыздың мұрнын өзгертіп тастаған

Бұл туралы E! Порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мариэла 19 жаста болған кезде Перуде тұратын туыстарына барып, ол жерде арзан бағаға пластикалық ота жасатпақ болыпты. Ол артық салмағы үшін қатты уайымдап, денесінен артық майды алдырмақ болады. Бойжеткен танымал дәрігерлердің біріне жүгінген. Өз кезегінде дәрігер оған отаның жылдам өтетінін әрі ауыртпайтынын айтқан.

Ертесі күні Мариэла ота жасатуға келген. Ол отадан кейін оянғанда мұрнына дәке таңылғанын көріпті. Дәрігер оған қосымша тағы бір ота жасап, мұрнының пішінін өзгертіп бергенін айтқан. Мұның білген қыз қатты ренжіпті. Себебі, мұрнымның пішіні өзіме ұнайтын, дейді ол.

Дәрігер ота арқылы денесіндегі артық майды алдырмақ болған қыздың мұрнын өзгертіп тастаған

Мариэла мұрнындағы дәкені шешкен кезде мұрын қуысының зақымдалып, мұрны кішірейіп, пішіні бұзылғанын байқаған. Ол шағымданбақ болып, дәрігерге хабарласады. Алайда одан еш нәтиже болмапты. Әйелдің сөзінше, нәтижесінде дәрігер тұтқындалып, «түрмеде көз жұмған».

Мариэлла 41 жасында ғана мұрнына қайтадан ота жасатып, пішінін бұрынғы қалпына келтірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау