Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер: Көз жұмған спортшыға дер кезінде көмек көрсетілген жоқ деген сөз жалған

Велосипедші Дана Ахметованың көз жұму себебі полиаграндық жеткіліксіздік болды, дәрігерлер өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгендердің бәрін істеді, деп хабарлады №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Марат Абдуллаев.

2638538

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

“Бізге 23 маусым күні Ахметова Дана жеткізілді. Жасы 17-де. Танымал спортшы. Жарыс кезінде ол есінен танып қалып, жедел жәрдем бригадасымен бізге аса ауыр хәлде жеткізілді. Науқас қабылдау бөлмесінде тексеріліп, оның тыныс алуы қиындаған, бірден жансақтау бөліміне жатқызып, реанимациялық шаралар қабылданды. Түскен кездегі диагноз – күн өту, сусыздану”, — деді Марат Абдуллаев.

Оның сөзіне қарағанда, науқасқа түскен кезде бас миын зақымданған ба жоқ па, миына қан құйылды ма жоқ па анықтау үшін компьютерлік томография жасалған. Ондай анықталмағандықтан, күн өту мен сусыздану кезінде көрсетілетін медициналық стандарт бойынша ем бастаған.
“Тексеру кезінде, науқастың полиоргандық жетімсіздігі, бауыр жетімсіздігі, асқынған бүйрек жетімсіздігі анықталды. Содан кейін емдеу барысында, әріптестерім күн өтудің ауыр формасы, сусыздану мен токсиндік гепатит, бүйректің зақымдану диагнозын растады”, — деді дәрігер.
Дәрігердің сөзіне қарағанда екі тәулікте жағдайы қалыпқа келген, бірақ кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап кетіп, 28 маусымда ол полиоргандық жетімсіздіктен көз жұмды. Дәрігердің болжамынша, қыз 23 маусымдағы қатты ыстық пен жарыс кезіндегі жүк салмақтан сырқаттанып қалған.
Сондай-ақ бас дәрігер қаза тапқан спортшының бауырының көмек дер кезінде көрсетілгн жоқ деген сөзін жоққа шығарды.
“Ол жалған, біздің аурухана қаланың өзге стационарлары секілді бейне бақылаумен жабдықталған. Оған қаншалықты жылдам көмек көрсетілгенін біз зерттедік. Оның үстіне ондай ауыр хәлде адам түсіп жатқан кезде ешқандай үш, екі және бір сағат деген әңгіме болуы мүмкін емес. Адамға түскен сәттен бастап барлық қажетті көмек көрсетілді”, — деді Марат Абдуллаев.
Тағы да оқыңыз: 
Талқылау