Алматы облысында 8 жасар бүлдіршін ірі жол апатында ғажайыптың күшімен аман қалды
Ірі автокөлік апатынан аман қалған жалғыз адам — сегіз жасар бала Алматы облысы Есік қаласындағы аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады аудандық аурухана бас дəрігерінің орынбасары Гүлнар Құраметова.

Фото: Алексей Даничев
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Жол апаты Еңбекшіқазақ ауданында 23 наурыздан 24 наурызға қараған түні Алматы — Көкпек — Көктал трассасының бойында болды. Қазақстан ауылының маңында Nissan Primera мен Toyota Vista көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан 8 адам қаза тапты, оның ішінде екеуі 2015 және 2017 жылы туған балалар. Тірі қалған сегіз жасар бала ауруханаға жеткізілді.
“Бала жансақтау бөлімінде жатыр. Оның екі жіліншігі сынған. Жағдайы ауыр, бірақ бала есін біледі. Ата-анасын таныды. Кешке қарай немесе таңертең бөлімшеге ауыстырамыз.”, — деді дәрігер.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі