Дәрігер емхана дәлізінде жатып көз жұмған ер адамның оқиғасын айтып берді (видео)

Бұған дейін желіде емхана дәлізінде жатқан ер адамның видеосы кең тарап кеткен еді. Бұл кезде дәлізде дәрігерлер әрі-бері жүрген.

Оқиға Ресейдің Смоленск қаласында болған. Дәрігер Владимир Журавлевтің айтуынша, 47 жастағы Артемды жедел жәрдеммен емханаға жеткізген. Ол кафеде туған күн отырысында төбелескен. Науқас емханаға мас күйінде келді, деп жазады НТВ.

Дәрігер кезекшлік кезінде маман тапшылығына байланысты бір ғана нейрохирургтің кезекші болатынын айтады. Нейрохирург келгенше науқас палатадан дәлізге шығып кеткен. Ал, видео тіркеуіш ескі болғандықтан оқиғаның бәрі дұрыс түсірілмеген.

«Науқасты палатаға таңғы 4-те қайта жатқызды. Кезекші медбике дәрігер емес, сондықтан диагноз қоя алмайды. Екіншіден, зардап шегушіні бас ми жарақаты кезінде орнынан қозғауға болмайды. Салмағы үлкен ер адамды көтеру де оңай емес. Видеода көрсетілгендей медбике оған көмектесетін адамды шақырмақ болып әрі-бері жүр», – дейді бас дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, науқастың жарақаты биіктіктен құлағаннан емес, адам қолынан соққы алғаннан болған. Тексеруден өткізгеннен кейін туыстарының рұқсаты болмағандықтан ота жасалмаған. Ол емханада белгісіз адам ретінде тіркеліпті.

Айта кетейік, бұған дейін желіде тараған видеода қансыраған ер адамның емхана дәлізіне шығып еденге құлағаны көрсетілген. Ол өздігінен орнына тұра алмай жатыр. Осы кезде дәрігерлердің дәлізде әрі бері жүргені байқалады. Біраз уақыттан соң науқас мүлде қозғалмай қалды. Ал, 9 күннен соң ер адам есін жимастан көз жұмған.

Тағы да оқыңыз:

3 жасар бала дәрігерлерді күткен күйі әкесінің қолында көз жұмды

Денсаулық сақтау министрі: Науқастардың ашуына өзіміз кінәліміз, адамдармен жұмыс істеуді білмейміз

Қазақстандық студент Австрия президентімен селфиге түсті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
26.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар