Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаеваның ұлы Қытайдың ең бай миллиардерімен көзге түсті

Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәли Әлиев Қытайдың ең бай миллиардері Джек Мамен бір кеште көзге түсті. Әлиев Қытай компаниясы мен еуропалық УЕФА футбол қауымдастығы одағы арасында болған кездесуге қатысқан. Бұл күні қос тарап Alipay мобильді қосымшасына қатысты келісім-шартқа қол қойған-ды.

Дариға Назарбаеваның ұлы Қытайдың ең бай миллиардерімен көзге түсті

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі шетелдік CNBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

8 жылдық келісім-шарт бойынша, Аlipay қосымшасы УЕФА чемпионаттарында қолданылады. Оның ішінде «Еуро-2020» және «Еуро-2024» ойындары бар.

Айта кетейік, Alipay – Қытайдағы ең ірі мобильді төлеу сервисі болып табылады. Оны 700 миллион белсенді қолданушы пайдаланады екен.

Дариға Назарбаеваның ұлы Қытайдың ең бай миллиардерімен көзге түсті

Ал елбасы Назарбаевтың немересі екі ірі мекеме арасында өткен кездесудің куәсі болған. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Қытайдың ең бақуатты бизнесменімен түскен суретін жариялап, көпшіліктің қызығушылығын оятты.

«Құттықтаймын сізді, Джек Ма әлемдегі ең беделді 30 азаматтың қатарына кіреді», – деп пікір білдірді желі қолданушыларының бірі.

Дариға Назарбаеваның ұлы Қытайдың ең бай миллиардерімен көзге түсті

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау